Ұшақ апатының себебі туралы тексеру аяқталғаннан кейін ғана айтуға болады - А.Бектұров

АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - «Көкшетау-Алматы» бағыты бойынша №760 әуе рейсін орындаған «Chellenger-200» ұшағының апатқа ұшырауының нақты себептері туралы тексеру толық аяқталғаннан кейін айтуға болады. Ал тексеруге 6 ай кетуі мүмкін, деді көлік және коммуникация вице-министр Азат Бектұров.

Ұшақ апатының себебі туралы тексеру аяқталғаннан кейін ғана айтуға болады - А.Бектұров

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің сайты хабарлады.

Әлемдік тәжірибеде әуе апаттарының себептерін анықтауға орта есеппен 500-дей күн кетеді. Бірақ, Азат Бектұровтың айтуынша, біздегі оқиғада «қара жәшіктің» зардап шекпегені, апат болған жердің ашық болуы және арнайы қызметтердің жедел әрекеті бұл оқиғаның тезірек тексерілуіне көмек болады.

Бүгінгі таңда «қара жәшік» оқылып, оның нәтижелері Қазақстанда, Ресейде және Канадада талдануда. Азат Бектұровтың айтуынша, бірақ та тексеру аяқталмай, сарапшылардың ешқайсысы апаттың себебін атай алмайды. Оның айтуынша, Канадада техникалық көрсеткіштерге жүргізілетін талдау жұмыстарының өзі 4 айға созылуы мүмкін.

Вице-министр өз сұхбатында сондай-ақ, «Chellenger-200» ұшағының отынның жетпей қалуы салдарынан апатына ұшырау ықтималдығы туралы ақпаратты теріске шығарды.

«Әуе кемесінде 2,5 сағат ұшуға жететін отын болған. Және бізде ұшқыштар мен диспетчерлердің әңгімелерінің жазбасы бар, онда олар қалған отын қоры туралы айтқан», - деді вице-министр Азат Бектуров.

А.Бектұровтың айтуынша, апат кезінде ұшақта отынның болғанын май құю қызметі де растап отыр. Оған қоса, апат орнында төгілген отынның үлкен ізі бар, ол жерде авиакеросиннің иісі әлі шығып тұр