17:20, 27 Тамыз 2017 | GMT +5
Ұшақ әуе шоуы кезінде өртеніп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқиға канадалық әскери әуе күштері базасында болды, хабарлайды CTV телеарнасы.

The Snowbirds пилотаж тобы ұшақтарының бірі Канаданың Гринвуд қаласындағы авиашоуға қатысу кезінде отқа оранды.
Оқиға Новая Шотландия провинциясындағы канадалық әскери әуе күштерінің базасында болды. СТ-114 Tutor оқу-жаттығу ұшақтарын қондыру кезінде олардың бірінің тұмсық тұсынан өрт шықты.
Ұшқыштар әуе кемесін тоқтатты, ал оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалынды сөндірді. ТЖ салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Ooops... brake fire on the snowbird
Соңғы жаңалықтар