22:15, 10 Шілде 2017 | GMT +5
Ұшақ әжетханасынан салмағы бірнеше ондаған келі алтын құймалар табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапониядағы Кансай халықаралық әуежайының қызметкерлері Тайваннан шықққан Vanilla Air әуе компаниясының әжетханасынан салмағы бірнеше ондаған келі алтын құймаларды тапты.

Ұшақ әуежайға жексенбі күні таңертең келген. Қонғаннан соң әуе компаниясының қызметкерлері әуежай қауіпсіздігі қызметіне ұшақтағы әжетханалардың бірінің қаптамасы түсініксіз болып тұрғанын мәлім еткен.
Тексере келгенде оның ішіне салмағы бірнеше ондағанкелі тартатын алтын құймалардың жасырылғаны анықталды, деп хабарлайды NHK телеарнасы.
Қазіргі уақытта қауіпсіздік қызметі осыншама алтынды кімнің, қай уақытта тыққандығын тексеріп жатыр.