Ұшақ бортында газдың иісі шығып тұрғандығы туралы хабар жалған болып шықты
АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Шымкент қаласының Ішкі істер департаментіне анонимді қоңырау түсіп, «Эйр Астана» компаниясының "Шымкент-Астана» бағытындағы рейсін орындаушы «Airbus» ұшағының бортында газдың иісі шығып тұрғандығы жайлы айтылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Арлан» арнаулы жасағының қызметкерлері ұшақтың салонында және багаждар бөлімінде тексерулер жүргізіп, ешқандай жарылғыш құрылғыны да, төгілген газды да таппады.Кеше сондай-ақ Жамбыл облысының Шу қаласындағы №20 өрт сөндіру бөліміне күзетілетін НОРБ-41 теміржол көпіріне жарылғыш заттың қойылғаны туралы қоңырау түсті. Жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында ешқандай қауіпті құрылғы табылмаған.