11:55, 23 Наурыз 2014 | GMT +5
Ұшақ су қоймасына құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір моторлы Socata ТВМ-700 ұшағы Колорадо штатындағы су қоймасына құлады.
Бұл туралы 23 наурызға қараған түні Associated Press хабарлады.
Оқиға 22 наурыз күні күндізгі мезгілде болған. Апаттың болу себептері әзірге белгісіз. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақ су қоймасы жағасынан 30 метр жерде құлаған.
Оның бортында бес адам болған. Тергеу бойынша, олардың бәрі қаза тапқан. Әзірге мәйіттер табылған жоқ. Қараңғы түсіп кеткендіктен мерт болғандарды іздеу тоқтатылды. Ұшақ Бартлсвиллден (Охлахома штаты) Монтроузға (Колорадо штаты) ұшып бара жатқан. Агенттіктің хабарлауынша, аппарат Алабаманың Gadsden Aviation әуе компаниясына тиесілі.