13:23, 13 Ақпан 2009 | GMT +5
Ұшақ тұрғын үйге құлады: 49 адам қаза тапты
ВАШИНГТОН. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат –Американың Буффало қаласында бүгін ұшақ апаты орын алғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.
ExpressJet Airlines авиакомпаниясының Bombardier Dash 8 Q400 турбовинттік ұшағы тұрғын үйге соғылып, содан кейін өртене бастаған. Алдын-ала мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан 49 адам қаза тапқан. Азаматтық авиациясы федералды басқармасының ақпараты бойынша, қаза болғандардың қатарында 44 жолаушы, 4 экипаж мүшесі және апат кезінде жерде болған тағы бір адам бар. 3407-ші рейс Ньюарк қаласынан Буффалоға ұшып келе жатқан. Апаттың алдында команда Ниагара әуежайының диспетчеріне механикалық ақаулардың орын алғаны туралы хабарлаған болып шықты. Оған қоса, жайсыз ауа райының апатқа себеп болу ықтималдығы айтылып отыр. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жарты сағаттан кейін келген.