Ұшақ жартасқа соғылды

АСТАНА. ҚазАқпарат –АҚШ-тың Рейбан округы әуежайынан (Джорджия штаты) көкке көтерілген шағын ұшақ көпке ұзамай тау жартасына соғылып, бір адам қаза тапты.

Ұшақ жартасқа соғылды

Бұл туралы жергілікті билік хабарлады.

Олардың мәліметінше, әзірге моделінің қандай екендігі белгісіз ұшақ әуежайдан көтерілгеннен кейін сол маңайдағы тауға соғылған. Алдын ала болжам бойынша, апатқа осы аумақта байқалған қалың тұман себеп болуы мүмкін.