Ұшаққа соғылған құс борт корпусын тесіп өтті (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рейс жолаушылары лайнер қонғаннан кейін лайнердің сыртқы зақымданған бөлігін суретке түсіріп алған.
Желіде Air Namibia компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы корпусының зақымданған бөлігінің суреті пайда болды. Алдын ала ақпарат бойынша қонуға бет алған ұшаққа соғылған құс лайнердің сыртқы қаптамасын тесіп өткен, деп хабарлайды lifenews.ru.
Компания өкілі Пол Накава бұл нұсқаны растады.
- Ұшаққа үлкен құс келіп соғылды. Тіпті қаптаманы тесіп өтті, - деді ол.