Ұшақта бразилиялықтың ажал құшуына есірткі салынған капсуланың асқазанында жарылуы себеп болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік БАҚ Лиссабоннан Дублинге ұшқан 24 жастағы жолаушының ажал құшу себебін хабарлады. Еске сала кетейік, 18 қазанда ұшақ бортында 24 жастағы Бразилия тұрғыны көз жұмған еді.
None
None

Кейін белгілі болғандай, бразилиялық студенттің асқазанында шамамен бір келі есірткі салынған 80 капсула болған. Ұшақ әуеге көтерілген кезде олардың бірі жарылып, жігіт өзін бірден нашар сезінген. Осы мезетте жанұшырған ол жанындағы көршісін тістеп, бір орында отыра алмай аласұрып жүрген.

Кейін есірткі курьері есінен танып, мерт болды.

Соңғы жаңалықтар