Ұшақтарды енді смартфон арқылы басқаруға болады - ВИДЕО
АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Гаджет құрастырушылары ұшатын ойыншықтарға құмар адамдар үшін жаңа құрылғы ойлап тапты: ол құрылғы арқылы ойыншық ұшақтарды, тіпті қағаз ұшақтарды смартфонның көмегімен басқаруға болады, деп жазады newsru.com.
Израйлдік құрастырушы Шай Гойтейн жаңа PowerUp 3.0 құрылғысын жасап шығарды. Бұл құрылғыны қағаз ұшаққа бекітіп, смартфон ыңызға арнайы бағдарламасын орнату қажет. Содан кейін экранға пайда болған басқару тетігі арқылы ұшақты басқара аласыз.