Ұшақты «Домодедово» әуежайына қондырған экипаж командирі ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің "Домодедово" әуежайында күтпеген оқиға орын алды.

Ұшақты «Домодедово» әуежайына қондырған экипаж командирі ажал құшты

Life News хабарлағандай, "Глобус" әуе компаниясына қарасты әуе кемесінің ұшқышы 43 жастағы Андрей Макаров лайнерді әуежайға қондырғаннан кейін, өзін-өзі жайсыз сезініп, әуе айлағының медициналық пунктіне жүгінген.

Дәрігерлер оны ұшақ кабинасынан алып кетті. Алайда олар әуе ұшақ командирінің өмірін сақтап қала алмады: оның тамырында қан ұйып қалған.