Ұшақты зақымдаған құс үшін әуежай 8,5 млн рубль төлейтін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бесінші арбитражды аппеляциялық сот Владивостоктың халықаралық әуежайына оның аумағында "Владивосток Авиа" ААҚ ұшағын құстың зақымдағаны үшін әуетасымалдаушының пайдасына 8,5 млн. рубль төлеуге шешім шығарды.
Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Сотта мәлім болғанындай, оқыс оқиға "Владивосток Авиа" ұшағының «Владивосток - Харбин» бағытында ұшқан сәтінде болған. Ұшу кезінде әуе кемесінің двигателіне құс түсіп кеткен. Ол вентилятордың төрт қалақшасын зақымдаған.
«Келеңсіз жағдайдың салдарынан әуетасымалдаушы 8,506 млн. рубль көлемінде шығынға батқан», деп атап өтілді сотта.