Ұшақтың авариялық есігін ашқан жолаушылар Қытайда ұсталды
MU2036 рейсінің Куньминнен Бейжіңге ұшуы мәскеу уақыты бойынша 16:45-ке жоспарланған, алайда толассыз қар жаууының салдарынан екінші күні таңертеңге қалдырылған. Жолаушылар әуежай қызметкерлері қарды тазалағанша бірнеше сағат ұшақтың ішінде отырған, деп хабарлады жексенбіде Франс Пресс агенттігі.
Бірнеше сағаттан кейін кейбір жолаушылар өздерін жайсыз сезініп, экипаж мүшелерінен сыртқа шығаруды өтінеді. Бірақ олар бас тартады. Экипаж мүшелері ұшақ ұзақ тұрмайтынын, қар тазалап болған соң, көп кешікпей ұшатынын ескертеді. Сол кезде адамдар орындарынан тұрып, ұшырылымды тоқтату үшін авариялық есіктерді ашып тастаған, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.
Екінші ұшқыш жағдайды түсіндірмек болған, бірақ жолаушылар құлақ аспаған.
Ұшу жолағын ретке келтірген ұшақтың қону алаңына қайта оралуына тура келді. Оқиғаға қатысы бар жолаушылар жергілікті полиция бөлімшесіне жеткізіліп, қалғандары келесі рейспен ұшып кетті.