Ұшақтың шассиіне жасырынған жасөспірім Тынық мұхиттың жартысын ұшып өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та ұшақтың шассиіне жасырынған жасөспірім Тынық мұхиттың жартысын ұшып өткен, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
None
None

Тергеу амалдары барысында белгілі болғандай, 16 жастағы бала Сан-Хоседен Гавай аралына ұшқан жолаушы лайнерінің шассиіне жасырынған.

Жеткіншек аэродромға қоршаудың үстімен секіріп өтіп кірген. Бала 11 шақырым биіктікте ұшқан. Атмосфераның мұндай қабатында оттегі аз болып келеді. Алайда, бұған қарамастан жас жігіт дін аман.

Соңғы жаңалықтар