Ұшақтың шуылдаған дауысы инфарктіге әкеп соқтыруы мүмкін

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Ұшақтың шуылдаған дауысының естілу деңгейі жоғары аудандарда тұратын адамдардың инфаркт немесе инсультқа ұшырау қаупі  жоғары. Бұл туралы Лондондағы Импер колледжінің қызметкерлерінің мәлімдемесіне сілтеме жасап Би-Би-Си хабарлайды.
None
None

Ғалымдар Хитроу әуежайына жақын жерде тұратын 3 млн 600 мың еріктіні сынаққа салып, денсаулық жағдайын қадағалаған. Олар басқа аудандар тұрғындарына қарағанда инфартқа 10-20%-ға артық ұшырайтын болып шықты.

Сонымен қатар, мамандар тек ұшақтың шуылдаған дауысы ғана жүрек-қан тамырлары ауруына себеп болады деп сендірмейді, басқа да факторлар себеп болады (шылым шегу, денеге салмақ түсірмеу және дұрыс тамақтанбау), сондықтан қосымша тексерілу қажет.

"Біз әзірге ұшақтың шуылдаған дауысы денсаулық жағдайына не себепті әсер ететінін анықтаған жоқпыз. Бұл артерия қысымының көтерілуіне немесе ұйқының бұзылуына байланысты болуы мүмкін. Күтпеген жерден естілген қатты шуылдаған дауыс адамдарды шошытады, ал ол қысымның түсуіне әсер етеді және қауіпті аурулардың қозуын өршітеді", - деп түсіндіреді зерттеу авторы Анна Хенселл.

"Біз ұшақтың шуылдаған дауысымен күресу шараларын қабылдамақпыз және аз шуылдайтын әуе көліктерін енгізе отырып, оны азайтуға тырысамыз. Сондай-ақ, жақын орналасқан аудандар тұрғындарына қос қабатталған әйнекті терезелер орнатуға кеңес береміз", - дейді Хитроу әуежайының өкілі Мэтт Горман.

Соңғы жаңалықтар