Ұшақтың жоғалуы Malaysian Airlines компаниясына рекордтық шығын әкелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Malaysian Airlines әуекомпаниясы MH370 бағдарындағы ұшағы жоғалып кеткеннен кейін рекордтық шығынға батқанын жария етті.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы компанияның таза шығыны 59 пайызға өсіп, 138 млн. долларға жеткен. Ал өткен жылғы дәл осы кезеңдегі бұл көрсеткіш 86,4 млн. долларды құраған еді.
Компания таратқан ақпаратқа қарағанда, әуе кемесі жоғалып кеткеннен кейін ұзақ қашықтыққа брондалған билеттердің басым бөлігінен бас тартылған.