«Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолының бөлігі жабылды

Ауа райына байланысты 6 облыста жолдар жабылды
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның екі облысында республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы.

Ұлттық оператор бүгін сағат 18.00-дегі ахуал бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты Жетісу облысының «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолының Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі 84-184 шақырым аралығындағы учаскеде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

«Осы уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп, ұстауға 580 техника және 1129 жол маманы жұмылдырылды»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар
telegram