Үшарал-Достық трассасында жол ашылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» Алакөл ауданында күн райының бұзылуына байланысты қойылған шектеудің алынғанын мәлімдеді. 

Ақтөбе жол
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

— 2024 жылы 21 желтоқсанда сағат 13:00-де Жетісу облысы бойынша келесі автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылады: — «Үшарал-Достық автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктума стансасынан Достық ауылына дейін) — делінген хабарламада.

Еске салайық, осыған дейін «ҚазАвтоЖол» жолдың тайғақтығына шағымданған жүргізушілерге жауап бергенін хабарлаған едік.

Сонымен қатар, Жетісу өңірінде ауыл тұрғындары қаржы жинап, көпір салғанын да жазғанбыз.

Бұдан бөлек, биыл Жетісу облысында 11 баланың өмірі жолда қиылғаны мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар