Үшарал-Достық тасжолында көлік аударылып, екі адам көз жұмды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Алакөл ауданында көлік аударылып, екі адам көз жұмды. Тағы бір адам аудандық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үшарал-Достық тасжолында көлік аударылып, екі адам көз жұмды

Оқиға «Үшарал-Достық» тасжолының 43-ші шақырымында болды. Тамыздың 19-нан 20-сына қараған түні «Toyota Land Cruiser Prado» көлігі аударылып,  ішіндегі екі ер азамат оқиға орнында көз жұмды. Ал үшінші адамның екі аяғы бірдей сынған. Ол аудандық ауруханаға жеткізілді.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды.