«Үшарал-Достық» жолында көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін боранға байланысты сағат 14.00-ден бастап «Үшарал-Достық» жолының 0-184 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлеріне жол жабылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

«Үшарал-Достық» жолында көлік қозғалысы шектелді

Бұдан бөлек Шығыс Қазақстан облысындағы қолайсыз ауа райына (бұрқасын боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін мына жолдарда көлік қозғалысы шектелді:

- «Өскемен-Риддер-РФ.шекара» а/ж 105-191 шақ., "Риддер-РФ шекара" аралығында;

- "Өскемен-Шемонайха-РФ шекара" а/ж 81-123 шақ., "Рассыпное айналымы-РФ шекара".

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.