Үшаралда 60 отбасы баспаналы болды

60 отбасы баспаналы болды
Фото: Жетісу облысы Алакөл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жетісу облысы Алакөл ауданында кезекте тұрған 60 отбасы жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы алды. Үшарал қаласында мереке қарсаңында бес қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kazinform облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыс әкімі Алмас Әбдинов тұрғындарды қоныс тоймен және жаңа жылмен құттықтады. Ол сондай-ақ тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі екенін, осыған орай өңірде қажетті шаралар қолға алынып жатқанын тілге тиек етті. 

– 2023 жылдың басында Алакөлдегі 40 отбасы баспаналы болса, қазір тағы 60 отбасы қоныс тойын тойлап жатыр. Бұл өңірдегі елеулі оқиға, - деп атап өткен әкім баспаналы болған қуаныш иелеріне көптен күткен пәтердің кілтін табыс етті. 

Айтпақшы, Алакөл ауданында 1 646 адам баспана кезегінде тұрса, енді олардың саны 60 отбасыға азайды. Бес қабатты ғимаратта бір және екі бөлмелі 15, үш бөлмелі 30 пәтер бар. 

Соңғы жаңалықтар