Үшем күткен әйел төрт нәрестені дүниеге әкелген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәрігерлер 3 бала туады деп жоспарлаған АҚШ-тың Миссисипи штатының тұрғыны дүниеге 4 нәресте әкелген. Бұған перзентхана қызметкерлері таңданып отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Үшем күткен әйел төрт нәрестені дүниеге әкелген

Ақ халаттылардың айтуынша, жүкті ана қаралған кезде тек 3 бала байқалған. Ал төртінші перзенттің көптеген аппараттармен тексерулер кезінде көрінбей, көзден қалайша таса қалғанын мамандар түсіндіре алмай отыр. Олар мұндай жағдайдың өте сирек, шамамен 729 мың оқиғаның тек біреуінде кездесетінін айтады.

Тағы бір ерекшелігі - төрт бөбектің бір аналық жасушадан пайда болуы. Яғни, өскен кезде қыздар бір-бірінен аумайтын болады. Қазір сәбилер аман-есен.