Үшінші дүниежүзілік соғыс киберкеңістікте өтеді
АСТАНА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат - Бастала қалған жағдайда, келесі дүниежүзілік соғыс киберкеңістікте өтеді.
Бұл туралы Электробайланыстың халықаралық одағының басшысы Амадун Турэ Женевада «Telecom World 2009» халықаралық көрмесінде сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Оның пікірінше, келесі соғыста «үлкен державалар» болмайды. "Қарсыластарды жеңу үшін олардың телекоммуникациялық жүйесін бұзудың өзі жеткілікті", дейді Аматун Турэ. Халықаралық одақ басшысының бұл мәлімдемесі, киберкеңістіктегі күн санап көбейіп жатқан қылмыстарға қарсы шараларды күшейтуге шақырған Интернет саласындағы мамандардың мәлімдемелерімен үндесіп отыр.