10:37, 19 Шілде 2015 | GMT +5
Үшінші қабаттан құлаған сәбиді ойыншығы құтқарып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Колорадо-Спрингсте бес жасар қыз үшінші қабаттағы терезеден құлап кетті. Үлкен әрі жұмсақ ойыншығының арқасында оның қолы ғана сынған, деп хабарлады РИА Новости.
Полициядан мәлім еткендей, құлап бара жатқан бүлдіршін құшағына қысып алған үлкен әрі жұмсақ Миньон ойыншығынан айырылмаған. Бұл оның аман қалуына себеп болған тәрізді.
Миньондар - "Гадкий Я" мультипликациялық дилогияның кейіпкерлері.