Үшінші сектор ұйымдары халықаралық донорлармен байланысын күшейтпек

АЛМАТЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыдағы «Қазжол» қонақүйінде үкіметтік емес ұйымдар «Үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың қазіргі замандағы өзара қатынастарының формасы мен әдістері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыстың өтуіне «Жалғас» үкіметтік емес ұйымы мұрындық болды. Жиында үшінші сектор ұйымдары мен бірқатар үкіметтік ұйымдар және халықаралық ұйым өкілдері болды. Қатысушылардың айтуынша, соңғы 3-4 жыл көлемінде халықаралық донорлық ұйымдардың біздегі тәуелсіз ұйымдармен байланысы күрт төмендеген, олар тек үкіметпен ғана жұмыс істейді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс өз жұмысын толыққанды бітірмей жатса, ал донорлар үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын қолдамаған жағдайда коммерциялық емес ұйымдарға не істеу керек? Оны шешудің қандай жолдары бар? Дөңгелек үстелде осы мәселелер халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың талпынысын қолдауда жағдайдың жақсаруы үшін қандай шаралар қабылдау керектігі және ҮЕҰ-дың донорлар агенттіктерімен жұмыс істеуіне келетін кедергілер әңгіме болды.

«Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекетке қарағанда донорлармен жұмыс істеу әлдеқайда тиімді. Біріншіден, қаржы көп бөлінсе, екіншіден, іс-қағаздар, есеп беру жұмыстары үкіметтегіден гөрі аз. Бірақ, соңғы уақытта халықаралық ұйымдардың бізбен байланыстары мардымсыз болып кетті. Сондықтан, өзара ықпалдастықты арттыруда бүгінгідей отырыстардың маңызы зор», -деді Алматы қаласы ақпараттық-ресурстық қоғамдық қорының директоры Сәуле Алпысова.

Талқылау нәтижелері мен баяндамалары бойынша халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдарға Қазақстандағы үшінші сектор өкілдерімен нақтылы іс жүргізуге ұсыныстар жасалды.

Соңғы жаңалықтар