Ұшқышсыз аппарат шабуылынан соң «Атырау–Самара» құбыры іске қосылды — министрлік
АСТАНА. KAZINFORM — Энергетика министрлігі «Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының жұмысына қатысты түсініктеме берді.
— 2026 жылғы 3 қарашадағы жағдай бойынша «Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Техникалық тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін мұнай айдау қайта қалпына келтірілді, — делінген министрлік хабарламасында.
Еске сала кетейік, 2 қараша күні таңертең Ресей Федерациясының аумағындағы Самара торабы нысандарына ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуыл жасауына байланысты мұнай қабылдау уақытша тоқтатылған болатын. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Жағдай ҚР Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында.