Ұшу алдындағы медициналық тексеруден өтпегені үшін 10 ұшқыш ұшуға жіберілген жоқ - Көлік және коммуникация министрлігі
АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - 2012 жылы әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұшу алдындағы тұрақты медициналық тексерістен өтпегені үшін 296 экипаж мүшесі,
оның ішінде әуе кемесінің 10 ұшқышы («Air Аstana» әуе компаниясының 5 ұшқышы, «SCAT» әуе компаниясының 2 ұшқышы, өзге әуе компанияларының 2 ұшқышы), 2 әуе диспетчері және 284 борт серігі ұшуға жіберілген жоқ.
Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің Әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидалары туралы қаулысына сәйкес, әуе кемесінің экипаж мүшелері және әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысының персоналдары ұшу алдындағы (ауысым алдындағы), тұрақты медициналық тексеруден өтпей қызмет функцияларын орындауға жіберілмейді.