Үсік, найзағай, шаңды дауыл: 23 қыркүйекке арналған ауа райы
Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында және солтүстігінде, сондай-ақ оңтүстік-шығысының таулы аудандарында фронттардың ықпалымен ауа райы құбылмалы болады.
Соның әсерінен жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды.
Солтүстігінде аздаған жауын-шашын болады.
Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жел күшейіп, батысында және оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады.
Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында тұман түседі.
Маңғыстау облысының батысында және орталығында найзағай ойнайды.
Түнде және таңертең жағалауда тұман күтіледі, күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады, жел екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында күн күркірейді. Жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында және орталығында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады.
Күндіз Атырау облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында шаңды дауыл соғады.
Күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде және батысында жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Павлодар облысының солтүстігінде және батысында, түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі.
Түнде Алматы, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.
Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.