Үсік шалған кезде қалай алғашқы медициналық көмек көрсету керек - маман

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мамандар үсік шалған кезде алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету керек екендігін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Үсік шалған кезде қалай алғашқы медициналық көмек көрсету керек - маман

«Үсік шалу - бұл төмен температура әсерінен дене тіндерінің зақымдануы. Үсік көбіне жалпы дененің тоңуына қатысты, мысалы дененің суықтан қорғалмаған бөліктері құлақ, мұрын, жеткіліксіз қорғалған аяқ-қолды, әсіресе саусақ мен башпайға зақым келеді.

Жоғары ылғалдылық, аяз, жел кезінде қозғалыссыз жағдай себепші болуы мүмкін. Зардап шегушінің жағдайы мас болған жағдайда тіптен қиындай түсуі мүмкін», делінген хабарламада.

Мамандар аяз кезіндегі қатты тоңу, дененің мұздаған бөлігінің шаншуы, содан кейін жансыздану және сезгіштіктің жоғалуы секілді белгілег мұқият назар аударуды ұсынады.

«Егер сіз өзіңізді үсік шалса немесе адамның үсігеніне куә болсаңыз, онда бірінші кезекте зардап шегушіні жылы жерге орналастыру керек. Қатып қалған немесе дымқыл киімді шешіңіз. Жарақат алған адамды қармен немесе шүберекпен сүртпеңіз - бұл теріні зақымдайды. Алкоголь пайдалаңбаңыз! Үсік шалған жерін ораңыз. Зардап шегушіге ыстық тәтті сусын немесе ыстық тамақ беріңіз. Міндетті түрде емдеу ұйымының медициналық көмегіне жүгініңіз.

Үсік шалған жағдайға немқұрайды қарау соңы мүгедектікке немесе қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін!», делінген хабарламада.