Үсік жүреді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

үсік
Фото: pexels.com

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етіп, жаңбыр жауады.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, шығыста, түнде Қарағанды ​​облысында, Абай, Жетісу облыстарында жауын-шашын, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республика бойынша жел күшейіп, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыста бұршақ жауады. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыста тұман түседі.

Қарағанды ​​облысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, батыста, солтүстікте, Абай облысында 1-3 градус үсік жүреді.

Маңғыстаудың басым бөлігінде, Атыраудың шығысында, батысында, оңтүстігінде, Қызылорданың орталығында, Түркістанның солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі бар.

Соңғы жаңалықтар