Үскірік аяз салдарынан астаналықтар бір тәулік сусыз қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада бірнеше үйдің тұрғындары үскірік аяз салдарынан сусыз қалды, бір тәулік өткен соң су қайта беріле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үскірік аяз салдарынан астаналықтар бір тәулік сусыз қалды

18 қараша күні таңғы 7-де «Республика, 27» мекенжайындағы 1976 жылы салынған «Астана Су арнасы» МКК су құбыры жарылды.

«Бірден апаттық-қалпына келтіру бригадасы қойылды. Апаттың себебі анықталған соң Республика 27, 29, 26; Ауезов 10 ( «Рахат» монша кешені) мекенжайларындағы үйлердің суы тоқтатылды. Апат себебі - құм қабатының қатты қатуы себепті қозғалуы, қату қалыңдығы - 1 метр», - деп жазды қала басшысы Әсет Исекешев Фейсбуктағы парақшасында.

Әкімдіктің хабарлауынша, су бүгін 15:15-те қайта беріле бастады.