USS Abraham Lincoln ұшақ тасығышы АҚШ-қа оралды
АСТАНА. KAZINFORM — 300 күннен астам уақыт бойы орналастырылған ұшақ тасығышы бейсенбі күні Калифорния штатының Сан-Диего қаласына тоқтауы керек, себебі оның Таяу Шығыста ұзақ уақыт болуына байланысты қатты сынға ұшырады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Вашингтондағы меншікті тілшісі NBC News арнасына сілтеме жасап.
7500 адамнан тұратын экипаж АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет екі мәрте кеменің қызмет ету мерзімін ұзарту туралы бұйрық бергеннен кейін қиын жағдайға тап болған.
Ұзақ уақыт жүзген кемені азық-түлікпен қамтамасыз ету қиындай түскен әрі экипаждың рухы түсіп кеткен. Әскери-теңіз күштерінің құжаттарына қарағанда, сегіз әскери қызметші өзіне-өзі қол жұмсамақ болған.
Сан-Диегодан былтыр қарашада жүзіп шыққан USS Abraham Lincoln бастапқы жоспарға сай жазға дейін оралуға тиіс еді. Иранда соғыс басталғаннан кейін оның қызмет мерзімі ұзартылды. Кеме 286 күн бойы теңізде болып, тек қыркүйектің басында ғана Тайланд жағалауында бірнеше күнге тоқтады. Сол кезде экипаж мүшелерінің отбасылары алпауыт кемеде азық-түлік қорының азаюына және әскердің жауынгерлік рухының төмендеуіне алаңдаушылық білдірді.
Бұған дейін АҚШ Таяу Шығысқа тағы 10 мың әскери қызметшімен бірге «USS Theodore Roosevelt» атты үшінші ұшақ тасығыш кемесін аттандырғанын хабарлағанбыз.