Ұста асқабақ пен бамбуктан саксофон жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Музыкалық аспапты бақша дақылы мен бамбук ағаштарынан да жасауға болады, деп хабарлады www.24.kz.
Итибере де Андраде есімді Рио-де-Жанейро тұрғыны үйінің артында өсетін өсімдіктерден түрлі аспаптар жасайды. Органикалық материалдардан сырнай мен ұрмалы аспаптар дайындауды осыдан 20 жыл бұрын қолға алыпты. Бүгінде алыс-жақын маңдағы жұртшылыққа кептірілген асқабақ пен бамбук ағашынан саксофон жасайтын ұста ретінде танымал. Андраде өзінің өнері жайында: «Мақсатым - нарыққа шығу емес, табиғаттың берген байлығын экологиялық жолмен қолданып, соны дәріптеу», - дейді.