Ұсталған ФИФА вице-президенті 10 млн доллар кепіл төлеп, бостандыққа шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ФИФА вице-президенті Джеффри Уэбб 18 шілдеде 10 миллион доллар кепіл ақша төлеп, бостандыққа шықты. Бұл туралы Associated Press хабарлады.
None
None

Уэбб Бруклиннің федералды сотынан шамамен 20 миль (32 километр) жерде болуы тиіс. Оның жүріс-тұрысын арнайы электрондық құрылғы бақылайтын болады.

Сотта ол бопсалаумен және пара алумен айналысқанын мойындаған жоқ. Прокуратура Джеффри Уэббті 24 жылда шамамен 150 миллион доллар пара алды деп айыптап отыр.

Джеффри Уэбб алғашқы болып ұсталған ФИФА шенеуніктерінің бірі: ол 27 мамырда Цюрихте қолға түскен. 16 шілдеде АҚШ-қа экстрадицияланды.

Соңғы жаңалықтар