Ұстаздарға біліктілігі бойынша үстемеақы төлеу қыркүйектен бастап жүргізіледі

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ұстаздарға біліктілігі бойынша үстемеақы төлеу қыркүйектен бастап жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
None
None

«Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында білім беру саласында 2011-2020 жылдарға арналған ҚР Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асыру бойынша жұмыстар жанданды. Оны жүзеге асыруға 190,2 млрд. теңге, оның ішінде 2011 жылы 75,8 млрд. теңге қарастырылған», - деді ол.

Қаржы министрінің айтуынша, мемлекеттік бағдарлама аясында оқытушылар мәртебесін арттыру, атап айтқанда, мектеп ұстаздарының және мектепке дейінгі білім беру орындарының тәрбиешілеріне біліктілік санаты бойынша үстемеақы көлемін ұлғайту бағытындағы жұмыстар қолға алынған. Сондай-ақ кәсіби және техникалық білім беру ұйымдарында өндірістік оқытуды ұйымдастырушыларға үстемеақы белгіленген.

«Атап өтілген үстемеақыларды төлеу ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап жүргізіледі», - деді Б.Жәмішев.

Соңғы жаңалықтар
Референдум