Үстел теннисі: Ел чемпиондары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Алматыда үстел теннисінен өткен жекелей және командалық сындағы Қазақстан біріншілігі жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болды.

Спорт
Фото: Kazinform

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, бір аптаға созылған ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және еліміздің өзге облыстарынан келген спортшылар өзара мықтыларды анықтады.

Жарысқа қатысыушылар жекелей және жұптық сында бақ сынады.

Нәтижесінде төмендегі спортшылардың мерейі үстем болды.

Ерлер, жекелей сын:

1 орын - Алан Құрманғалиев (Қарағанды);
2 орын - Айдос Кенжеғұлов (Алматы);
3 орын - Санжар Жұбанов (Алматы), Ескендір Харки (Жамбыл облысы).

Әйелдер, жекелей сын:

1 орын - Сарвиноз Мирқадірова (Алматы);
2 орын - Зәуреш Ақашева (Қарағанды);
3 орын - Арай Ашкеева (Қарағанды), Анель Бақыт (Алматы).

Ерлер, жұптық сын:

1 орын - Ескендір Харки / Ырысбек Артықметов (Жамбыл облысы / Шымкент);
2 орын - Алан Құрманғалиев / Владислав Захаров (Қарағанды);
3 орын - Айдос Кенжеғұлов / Сарвар Ырысәлиев (Алматы / Шымкент), Абдұлла Мамай / Қадырәлі Қабдылуахитов (Алматы / Павлодар облысы).

Әйелдер, жұптық сын:

1 орын - Жанерке Көшкімбаева / Анастасия Лаврова (Қарағанды / Астана);
2 орын - Айя Әлімбаева / Алсу Сапарова (Алматы / БҚО);
3 орын - Сарвиноз Мирқадірова / Гузель Торшаева (Алматы), Назым Серікбай / Шахзода Ахмадәлиева (Түркістан).

Аралас жұптық сын:

1 орын - Владислав Захаров / Анастасия Лаврова (Қарағанды / Астана);
2 орын - Айдос Кенжеғұлов / Ангелина Романовская (Алматы / Павлодар облысы);
3 орын - Алан Құрманғалиев / Сарвиноз Мирқадірова (Қарағанды / Алматы), Денис Жолудев / Арай Ашкеева (ШҚО / Қарағанды).