Үстел теннисі: Олимпиадаға іріктеу турниріндегі қазақстандықтардың қарсыластары анықталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін Катар астанасы Дохада үстел теннисінен Олимпиадаға әлемдік іріктеу турнирі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Үстел теннисі: Олимпиадаға іріктеу турниріндегі қазақстандықтардың қарсыластары анықталды

Ерлер арасында 78, әйелдер арасында 63 спортшы Токио Олимпиадасының тоғыз жолдамасына таласады. Олимпиада лицензиясынан үмітті қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары анықталды. Атап айтар болсақ, Айдос Кенжеғұлов Люксембург өкілі Эрик Клодпен, Зәуреш Ақашева уэльстік Шарлотт Кэримен, Анастасия Лаврова италиялық Дебора Вмиравеллимен сынға түседі. Ал Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Любомир Япчаржик (Чехия) - Брайн Мутуа (Кения) жұбының жеңімпазына қарсы ойнайды.