Үстел теннисінен Қазақстан жастар ойындарында БҚО құрамасы екінші орынға көтерілді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында үстел теннисінен мәреге жеткен Қазақстан ІV жастар ойындарында БҚО құрамасы табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, ерлер арасында жұптасып өнер көрсетуде Дастан Кенжеғұлов пен Айдос Кенжеғұлов ешкімге дес бермей, жеңімпаз атанды, Сол секілді командалық сында Айдос Кенжеғұлов, Дастан Кенжеғұлов, Әбілсейіт Ибат және Эльдар Баяндин чемпиондық атақты иеленді. Ал жекелей сында Дастан Кенжеғұлов екінші, әйелдер арасында жұптасып өнер көрсетуде Алсу Сапарова мен Гауһар Алмағамбетова үшінші орынға көтерілді. Оларды үстел теннисінен БҚО құрамасының аға бапкері Сарвара Назарова бастаған мамандар жаттықтырады.
Жалпыкомандалық есепте БҚО құрамасы екінші орынға ие болды.