Үстел теннисінен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда үстел теннисінен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткендей, турнир 29 шілдеде басталады.
Жарыс ADD Алматы үстел теннисі орталығында өтеді.
Командалық, жеке, жұптық, аралас разрядтарда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент теннисшілері, сондай-ақ республика облыстарының спортшылары өнер көрсетеді.
Фото: olympic.kz