Үстел теннисінен ӘЧ: Спортшыларымыз алғаш рет плей-офф кезеңінде сынға түсті

үстел теннисі
Фото: ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

АСТАНА. KAZINFORM – Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен командалық әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы алғаш рет плей-офф сатысында өнер көрсетті.

Өкінішке қарай, отандастарымыз плей-офф кезеңінде Үндістан құрамасымен сынға түсіп, 3:2 есебімен ұтылып қалды.

Жерлестеріміз плей-офф кезеңіне дейін В тобында Сауд Арабиясы (3:0) мен АҚШ-тан (3:1) басым түсті. Егер Ұлттық құрама ширек финалға шықса, Париж Олимпиадасының лицензиясына ие болар еді.

Аталған ойынға қысқаша тоқталып өтсек, Қазақстанның ерлер құрамасы тұңғыш рет плей-оффқа жолдама алды.

Қазақстан алғаш рет топтық кезеңде 2 жеңіске қол жеткізді.

Еліміздің бірінші нөмірлі спортшысы Кирилл Герасименко барлық 9 ойында жеңіске жетті.

Әлемдік рейтингте 40-орында тұрған Кирилл Герасименко жарыс барысында Олимпиаданың 2 мәрте қола жүлдегері Дмитрий Овчаров (әлемдік рейтингте 13-орын), командалық әлем чемпионатының күміс жүлдегері Данг Кю (әлемдік рейтингте 10-орын), Лиам Питчфордтан (әлемдік рейтингте 25-орын) басым түсті.

Қазақстан құрамасының осыған дейінгі жетістіктері:
2022 жыл - топтық кезеңде 4-орынмен аяқтады. Әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасынан 3:0 есебімен басым түсіп, бірінші рет жеңіске қол жеткізді.
2018 жыл - 2 дивизион
2016 жыл - 3 дивизион
2014 жыл - 3 дивизион
2012 жыл - 4 дивизион

Соңғы жаңалықтар
telegram