Үстел теннисінен Азия чемпионаты: 14 жасар ирандық спортшы Олимпиада чемпионын жеңді

АСТАНА. KAZINFORM – Астанадағы үстел теннисінен Азия чемпионатында ерлер арасындағы командалық сайыс бойынша ширек финалдық бәсеке өтіп жатыр. 

Үстел теннисінен Азия чемпионаты: 14 жасар ирандық спортшы Олимпиада чемпионын жеңді
Фото: ittf.com

Қытай құрамасы Иранмен шеберлік байқасып, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы ойында Париж Олимпиадасының чемпионы, әлемдік рейтингіде бірінші орында тұрған Ван Чуцин  14 жастағы ирандық спортшы, әлемнің 210-шы теннисшісі Бенджамин Фараджимен кездесті.

Тартысты өткен сайыста ирандық спортшы 1:2 есебімен жеңіліп жатқан. Алайда төртінші партияда қарсыласын қапы қалдырды. Шешушы кезеңде Бенджамин Фараджи 4:0 есебімен алға шықты. Олимпиада чемпионы есепті теңестіргенімен (9:9), ирандық ойыншы қарсыластың қателіктерін оңтайлы пайдаланып, 11:9 есебімен жеңіске жетті. Қортынды есеп – 3:2. 

Алайда, әлемдік реитингіде үшінші орындағы қыталық теннисші Лин Шидун ирандық Альмиян Ношадты 3:2 есебімен жеңсе, Лян Цзинкунь (әлемдік реитингіде бесінші орын) Мусави Тахер Мұхаммедті 3:0 есебімен қапы қалдырды. 

Жартылай финалда Қытай құрамасы Оңтүстік Кореямен кездеседі.

Еске сала кетсек, үстел теннисінен Азия чемпионаты 7 қазан күні Астанадағы BEELINE ARENA Ұлттық теннис орталығында жалауын көтерді. Турнирде 26 елден келген 210 спортшы сынға түседі.