Үстел теннисі: Азия чемпионатындағы қазақстандықтардың қарсыластары анықталды
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте үстел теннисінен XXIX Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Аталмыш додаға Қазақстан атынан баратын спортшылар:
Ерлер - Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов, Ескендір Харки;
Әйелдер - Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Жанерке Қошқымбаева, Альбина Жақсылықова мен Ангелина Романовская.
Ал ерлер арасындағы командалық сында Қазақстан топта Филиппин және Шри-Ланка құрамасымен ойнайды.
Матчтар кестесі:
Қазақстан – Филиппин
Қазақстан – Шри-Ланка
Әйелдер командасының қарсыластары мынадай:
Қазақстан – Мальдив аралдары
Қазақстан – Иран Ислам Республикасы.
Мұнда әр топтың үздік екі командасы плей-офф кезеңіне жолдама алады. Чемпионат 25 қазанда мәресіне жетеді. Биылғы додаға 28 елден 235 спортшы қатысып жатыр.
Осыған дейін Ташкентте ел намысын кімдер қорғайтынын жазған едік.