Үстіміздегі жылы 19 ескерткішке қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде - ҚР ММ

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Серік Сәбеков/ - Үстіміздегі жылы 19 ескерткішке қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитет мүшелерімен ауылдардағы мәдениет нысандарын дамытудың заңдылығын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған кездесуі барысында айтты.

Үстіміздегі жылы 19 ескерткішке қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде - ҚР ММ

«Олардың қатарында Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғанымның үйі, Ақтырас және Баласағұн сарай кешендері, Түркістандағы Әбілмәмбет ханның резиденциясы, «Ескі Түркістан» аймағындағы Шахристан ортағасырлық қақпалары және басқалары бар», - деп атап өтті М.Құл-Мұхаммед.