Үстіміздегі жылы Еуропалық тілдер күні бизнестік ортадағы тіларалық түсіністік проблемасына арналады

БРЮССЕЛЬ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Жыл сайын Еуроодақта қыркүйектің 26-сында атап өтілетін Еуропалық тілдер күні биылғы жылы бизнестік ортадағы тіларалық түсіністік проблемаларына арналады,
None
None

делінген Еуропалық комиссия таратқан баспасөз хабарламасында. Онда аталып өтілгендей, Еуроодақтың шағын және орта кәсіпорындарының 11 пайызы тілді білмеуінен бірқатар келісімшарттардан сырт қалып, ондаған миллион еуро пайдадан қағылуда.

«Еуропалықтар тілді білу мен оны білмеу арасындағы айырмашылықты түсіне бастады. Адамның тұлғасының, оның ішінде бизнестің дамуына белсенді көмек беретін тілдер оларға бәсекелестікте артықшылықтар ұсынып, экспорттық рынокқа жол ашуда», - деп атап өтті Білім беру, мәдениет, көптілділік және жастар мәселелері бойынша еурокомиссар Андрулла Василиу.

Соңғы жаңалықтар