Үстіне екі рет найзағай түскен адам аман қалды
АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Үстіне найзағай түскен родео қатысушысы ауруханаға түсті. Шоу көрсету тобында клоун болып жұмыс істейтін Кейси Вагнерге екі рет жай түсті, деп хабарлады Sky News.
Оқиға өткен демалыс күндері Далластан солтүстік-батысқа қарай орналасқан Сант Хо қаласында орын алған. «Rednecks with Paychecks» жарысы қыза түскен кезде найзағай ойнай бастаған. Найзағайдан жасырынбақ болған 31 жастағы Вагнер ағаштың астына барып тасаланған.
Осы сәтте оның үстіне жай түскен. Не болғанын түсінбеген ол орнынан қозғала алмай қалыпты. «Бұл өлім сияқты болды. Бұдан сорақы жағдай бұрын менімен болған емес», - дейді Вагнер.
Вагнер Құдайдың көмегімен ажалдан аман қалдым деп отыр. «Өмірімді сақтап қалғаны үшін Құдайға қарыздармын. Бұдан былай шіркеуге жиі баратын боламын», - дейді ол.