Үстірт қорығында қарақұлақтар фототұзаққа түсіп қалды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы аумағына қойылған фототұзаққа қарақұлақ төлімен бірге түсіп қалған. Мамандар оны ғылыми-зерттеу жұмысы және рейд барысында көрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құлағының ұшы қара, желпіншегі бар бұл аң – қарақұлақ. Үстірт қорығының аумағында бұрыннан бар. Бұл жыртқыштың нақты саны әлі белгісіз, бірақ жылдан жылға азайып барады. Сондықтан қорғауға алынып, Халықаралық табиғатты қорғау одағы мен Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Маңғыстауда қарақұлақтарды Қарақия-Қаракөл қаумалынан, Үстірт қорығынан және қорық маңынан кездестіруге болады», - дейді Үстірт қорығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Жасқайрат Нұрмұхамбетов.

Соңғы жаңалықтар