Үстірт жазығындағы экожүйелерді сақтау мәселелеріне арналған семинар өтті

«Қазақстан биоалуантүрлілігін сақтау ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірге «Үстірт экожүйелерін сақтау бастамасы» жобасы аясында өндірістік сектормен әрекеттесу мәселелері жөніндегі семинар өткізді.
Семинардың мақсаты - Үстірт жазығы аумағында жұмыс істейтін өндірістік компаниялардың назарын олардың қызметтерінің салдарына аудару. Сонымен бірге биоалуантүрлілікті сақтау шараларын бизнес-жоспарлауға ендіру маңыздылығына ерекше көңіл бөлу. Семинарға қатысушылар тәуекелдер мен мүмкіндіктерді бағалау, биоалуантүрлілікті сақтау бойынша іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, оларды ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мәселелерін талқылады.
Өңірде мұнай-газ саласының қарқынды дамуы мен инфрақұрылым аясының кеңеюі Үстірт жазығы ландшафтының тұтастығына тікелей қауіп төндіріп отыр. Мұнда мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбаларды өндірумен 30-дан астам компания айналысады. Кен орындарын барлау және өндіру көлемінің ұлғаюы қоршаған ортаға әсер етуде.
Кеңес аясында биоәртүрлілікті сақтауға бағытталған инновациялық әдістеме ұсынылды. Бұл әдістемені «Фауна және Флора Интернэшнл» ұйымы әзірлеген. Басқару ісіндегі инновациялар биоалуантүрлілікті сақтауға байланысты тәуекелдерді бағалауға және бағалау үдерісінің құрамдас бөлігі ретінде экологиялық және әлеуметтік ықпалды жақсарту мүмкіндіктерін тауып, жаңа және қолданыстағы нысандарда биоәртүрлілікті бағалау аспектілерін қолдануға мүмкіндік береді.
Үстірт жазығы Каспий және Арал теңіздерінің арасында орналасқан, 200 мың шаршы шақырым алқапты алып отыр. Қазақстанда Үстірт жазығы Ақтөбе және Маңғыстау облыстары аумақтарын қамтиды.
Үстірт жазығын 30 жуық бауырымен жорғалаушылар мен амфибиялар түрлері, сүт қоректілердің 45 түрі және ұя салатын құстардың 50 түрі мекендейді. Күз бен көктемде бұл жерді уақытша мекендейтін жыл құстарының түрлері бұдан да көп. Олардың дені жоғалу қаупі төнген жан-жануарлардың халықаралық немесе ұлттық тізімдеріне енгізілген.