Үстірт қорығының түнгі қонағы: сирек кездесетін алабарыс фототұзаққа түсіп қалды

Үстірт қорығының түнгі қонағы: сирек кездесетін алабарыс фототұзаққа түсіп қалды
Фото: Экология және табиға ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

АҚТАУ. KAZINFORM – Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында сирек кездесетін алабарыс фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы Экология және табиға ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады. 

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қонағы – алабарыс Халықаралық табиғатты қорғау одағының (ХТҚО) критерийлері бойынша жойылып кету қаупі бар деп танылған. 

Бұл түр Қазақстан Республикасының Сирек және жойылып кету қаупі бар түрлер тізіміне 2021 жылдың сәуірінде енгізіліп, еліміздегі Қызыл кітапқа кірген. 

Бір қызығы, сирек кездесетін алабарыс терісінің түсі аймаққа байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Басқа қабылан түрлерінен айырмашылығы, алабарыстар ашықтау күңгірт түске ие, бұл оларға өмір сүретін құрғақ әрі тасты ландшафттармен жақсырақ үйлесуге көмектеседі. Бұл бейімделген камуфляж олардың табиғат жағдайларында жыртқыштар мен олжалардан тиімді жасырынуына мүмкіндік береді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ертіс орманында төлімен суатқа келген бұлан фототұзаққа түсіп қалғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
telegram