UWW әлемдік палуандар рейтингінде 6 қазақстандықтың есімі бар (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грек-рим стиліндегі күрестен жаңартылған UWW әлемдік палуандар рейтингі жария болды.

UWW әлемдік палуандар рейтингінде 6 қазақстандықтың есімі бар (ФОТО)

Рейтинг тізімінде алты қазақстандықтың есімі жазылған, деп хабарлайды baistars.kz.

59 келіде өнер көрсететін Алмат Кебіспаев - 19-шы орында. Демеу Жадырәлиев (66 келі) - 12-ші орында және тағы бір осы салмақ өкілі Айбек Еңсеханов - 17-ші орында.

Ал Асхат Ділмұхамедов (80 келі) - 14-ші орында болса, 85 келіде күресетін Нұрсұлтан Тұрсынов 19-шы орында.

Жерлестеріміздің арасында ең үздік көрсеткіш аса ауыр салмақта күресіп жүрген Нұрмахан Тінәлиевтің еншісінде. Ол 5-ші орында тұр.