Үй алмақ болған Өскемен тұрғыны алаяққа алданып, 3 млн теңгесінен айырылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғынын алдап соққан алаяқ 3 млн теңге пайда көрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына 43 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалған.

Өз сөзінде ол алаяққа алданып, 3 млн теңгесінен айырылғанын жеткізді.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері 25 жастағы ер адамды ұстады. Жауап алу барысында күдікті өз кінәсін мойындаған.

«Белгілі болғандай, ол бұрын банкте жұмыс істеген. Үй алып беремін деп әйелді сендіріп, ақша қолына тиген соң мүлде хабар-ошарсыз кетті. Алаяққа қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ер адам 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде жеңіл көлік пен «жедел жәрдем» соқтығысып, 5 адам зардап шеккенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар